«Сыбайлас жемқорлық бұл- тұзақ » сахналық қойылым.
«Адал ұрпақ» еріктілер клуб мүшелерімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті шеңберінде ұйымдастырылған театрлық қойылымға бізде өз үлесімізді қостық. Ондағы мақсатымыз білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын насихаттау және қалыптастыру жастардың адамгершілік нормаларға оң көзқарасын тәрбиелеу , олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру болды. Осы театрлық қойылымда ерекше талантымен танылған оқушыларымыз ертеңгі елдің жарқын болашағы болатын тұлға болып, қалыптасқанына сеніммен қарадым. 7 «А» сыныбының оқушысы Маратқызы Ақниет адамгершілік нормаларға деген өзінің көзқарасын, тәртіп және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға деген өзінің сыни ойын білдіру барысында сомдаған сахналық қойылымы бәрімізді таңғалдырды. Болашақтың кілті жастардың қолында, жастар ертеңгі елдің сенімін ақтар тұлға болып қалыптасу керектігін, елге адал еңбек ететін тұлға мектептен қалыптасатынын көрсете білді.
Аға –тәлімгер: Жанзакова Хадиша