«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы»ММ 2020-2021 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңес отырысы
Хаттама №2
Уақыты: 29 қазан 2020 жыл
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері, әлеуметтік ұстаз, мектеп директоры
Қатыспағандар:0
Күн тәртібінде:
1.Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясындағы кезекші сыныптардың жұмысы, санитарлық талаптардың сақталуы, мектеп жұмыс жасайтын платформалармен оқыту форматтары/ Мектеп директоры-Н.Ж.Утеулина
2. «Жалпыға білім беру қаражатынан» көмек көрсетуге әлеуметтік санаттағы оқушылардың тізімін бекіту.Әлеуметтік педагог-Е.Ғ.Шынтеміров
1.Мәселе бойынша мектеп директоры Н.Ж.Утеулина сөз сөйледі
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылын қашықтық форматта бастадық. Дегенмен, ата-ананың таңдауына қарай, 1-4 сынып оқушылары үшін мектепте кезекші сыныптар болады. Мектепте оқушылар мен ересектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық санитарлық шаралар қарастырылған. Осы орайда санитайзерлер, антисептиктер, түрлі бактериалды сабындар, дезинфекциялық төсеніштер сатып алынды. «Маска мен қолғаптар бар. Кезекші топтарда оқушылар саны 15-тен аспады, сондықтан барлық кабинеттердегі орындар тек 15 балаға лайықталып дайындалды. Мектептің ішіндегі әлеуметтік қашықтықты балалар ұмытпай сақтауы үшін арнайы белгілер қойылды. Сонымен қатар, мектепке кіргізу мен шығарып алуда әртүрлі есіктер қарастырылды, өйткені үздіксіз қабылдау жүрді. Сабақтардың арасындағы үзілістер де әр сыныпқа әртүрлі белгіленді. Осы орайда мектеп дәлізінде бір уақытта оқушылар көптеп шоғырланбады.Кезекші сыныптарға мұғалімдерді іріктеудің тиісті талаптары ескерілген.Тек қана педагогтар, тазалыққа жағдай жасайтын жұмыскерлер, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне жауапты мұғалімдер ғана болды. Бір сыныпта бір мұғалім жұмыс істеуі керек деген қағида сақталды. Кезекші сыныптарда тек негізгі пәндер оқытылады, қалған пәндер онлайн форматта қашықтан жүргізілді.
Bilimland "Online mektep" білім беру платформасы - синхронды және асинхронды сабақ формаларын қашықтан оқыту кезеңінде жүзеге асыралды. Оқушы, мұғалім және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін оқыту платформасымен жұмыс жүргіздік. Дәл қазіргі таңда қолжетімділік қағидатына сай өз жұмысын жандандырып жатыр.
2 мәселе бойынша әлеуметтік педагог-Е.Ғ.Шынтеміров сөз сөйледі.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу бойынша білім алушыларды таныстырды. Аталған санаттар бойынша ата-аналардан немесе білім алушылардың заңды өкілдерінен өтініш қабылданып,құжаттары таныстырылды.құжаттар бойынша 67 (алпыс жеті) білім алушының құжаттары қаралып, көмек көрсетуге қамқоршылық кеңес мүшелері өз келісімдерін берді.
Шешімі:
- Кезекші сыныптардың жұмысын ұйымдастыруға, санитарлық талаптардың сапалы жұзеге асырылуына мектеп қоғамдастығы мен Қамқоршылық кеңес жұмыла отырып ынтымақты бірлескен одақ құрсын;
- Аталған санаттар бойынша келісілген тізім бойынша жалпыға білім беру қаражатынан бөлінген азық-түлік әр отбасына тиісті түрде үлестірілсін;
Қамқоршылық Кеңес төрайымы: (қолы қойылған)Мухамбетова Б.М.
Қамқоршылық Кеңес хатшысы: (қолы қойылған)Сандыбекова А.С.