19.09.2019

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы.

19.09.2019

 

         2019- 2020 оқу жылы басталғаннан бастап «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы жылдағы дәстүр бойынша өз бастауын алды. Бұл аталған акция аясында мектеп тасымалдауын ұйымдастыру кезінде  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

         -балаларды мектепке және үйге дейін қауіпсіз және жайлы жеткізуді қамтамасыз ету, жол – көлік оқиғаларының алдын алу, сондай – ақ балаларды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті сақтау болып табылады.

          Оқу жылы басталғаннан бастап жолда жүру, автобуспен қатынау  барысындағы  қауіпсіздігі жайында толық ақпараттар берілді. Осы аталған ақция барысында арнайы жоспар құрылып,атқарылатын жұмыстар жүйеленді. Жоспар бойынша 1-2 сынып оқушылары арасында сурет салу байқауы және 3-4 сынып оқушылары арасында сурет және эссе жазудан байқаулар өткізілді. Аталған байқаулар бойынша үздіктер анықталып марапатталды.Үздік суреттер мектептің арнайы шығармашылық бұрышына орналастырылды. Осы акция барысында алдағы уақытта да жоспар бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

 

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: