10.11.2020

«Біздің сүйікті Президентіміз» виртуалды экскурция

10.11.2020

1-4 сыныптардың  арасында қашықтықтан өткізілген іс-шара суреттер арқылы экскурция жасалды.  Бұл іс-шараға жалпы 85 оқушы қатысты. Алайда, шығармашылық сурет виртуалды саяхатқа 1-4 сыныптар арасынан 3 оқушыдан 24 оқушының жұмыстарын ғана қабылдадық. Оқушыларымыз сурет сала отырып, сол сурет арқылы Қазақстанға саяхат жасады.  Бұл шара балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту,  еліміздің Президентіне деген мақтаныш сезімін, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталды.  Оқушыларымыз өздерінің шығармашылық суреттері арқылы Отанымыздың  бар байлықтарына, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтей білуге,  белсенді, шығармашыл, мақсаты айқын, ізгілікті тұлға болып тәрбиелену керек екендіктерін толық айтып жеткізді.

Осындай бақытты өмір сүруге  ҚР Президентінің ерен еңбегі екендіктерін танымдық қызығушылықтарымен дәлелдеп көрсетті.   Тәуелсіз Қазақстанның символы – Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстанның әр азаматының мақтанышы  екендіктерін де өз суреттерінде дәлелдеп көрсетті. Өткізілген шара жөнінде мәліметтер мен оқушылар шығармашылығы мектеп сайтына жүктелді. Іс-шара ЗУМ, ватсап желілері арқылы өтті.

                                                          Э.Е.Дүйсенбаева

  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: