05.06.2019

Балалардың жазғы демалысы басталды!

05.06.2019

 2018-2019 оқу жылының «бесінші» тоқсаны да басталды.  «Тәрбиеде демалыс жоқ!» ұрандап «Бәйтерек» мектепалды сауықтыру лагері маусымын ашты. Лагерь бағдарламасының  басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын және бос уақытын тиімді де қызықты мазмұнды ұйымдастыру.

 Осы мақсатқа орай балалардың бос уақытын 7 үйірме қамтиды. Олар; «Жалын», «Өркен», «Алау», «Әділет», «Заң жүйесі» және орыс тілінен «Язык мой – друг мой!», ағылшын тілінен «Қызықты уақыт» тіл дамыту үйірмелері.

Дүйсенбіден, яғни маусым айының  3-нен бастап , мектеп көңілді әндерге толды. Балалар таңғы ұйқыларын көңілді және  ырғақты әуен астында дене буындарын ширатып ашады.  Осындай сергіту сәті қызықты флешмоб биімен, көгалдағы спорт ойындары, әдемі әткеншектер тебумен де жалғасады.

Жоғарыда «Тәрбиеде демалыс жоқ!» дегендей балалрға 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні екенін ескертіп, сайыс сабағын өткізілді. Жеңімпаз тобы грамотамен марапатталды.

Балалардың әнді сүйетінін ескере орыс тілі мен ағылшын тілдеріндегі  қабілеттерін қалыптастыру үйірмелері көңілді жарыстарын ұйымдастырды. Белсенді оқушы Маулетов Асхат медальмен  марапатталды.

Рахметов Асхат

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: