Мектеп жанындағы «Балдырған» сауықтыру лагерінде маусым айының 1-19-ы аралығында «Жалын» мен «Жұлдызша» топтары жұмыс жасайды
Мектеп жанындағы «Балдырған» сауықтыру лагерінде маусым айының 1-19-ы аралығында «Жалын» мен «Жұлдызша» топтары жұмыс жасайды
Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара. Бұл ауысымда әр жетіге бөлінген «Менің елім – Қазақстан», «Жазғы саяхат», «Отбасым алтын бесігім» тақырыптары бойынша жұмыс жасайтын болады. Топ жетекшілері: Мергенова Ж.С. Шынтеміров Е.Ғ. Абдрашев Р.Ж. Абдуллин Г.А. Утесова Г.К. Ахметбекова Г.Х. Ансабаева А.Е. Сеитова М. Жұмыс жасайтын болады.
Дүйсенбіден, яғни маусым айының 1-нен бастап , мектеп көңілді әндерге толды. Балалар таңғы ұйқыларын көңілді және ырғақты әуен астында дене буындарын ширатып ашады. Осындай сергіту сәті қызықты флешмоб биімен, көгалдағы спорт ойындары, әдемі әткеншектер тебумен де жалғасады.