11.05.2021

Белсенді жастар пікірсайыс алаңында кездесті

11.05.2021

 

 

 

Биылғы жылдың тәрбие жүйесіндегі тағы бір өзіндік ерекшелігі Дебат қозғалысының  мектеп жүйесіне енгізілуі. Бұл пікірсайыстың негізгі ерекшелігі -ақпараттылық. Дискуссияда жан-жақты, нақты деректерге негізделген ақпарат ұсынылады, сонда қоғам өздері қарастыратын тақырып туралы білуі керек барлық мәліметтерді біледі,әр позициясын қолдау үшін жеткілікті дәлелдермен қамтамасыз етіп,талқылауға жататын мәселеге қатысты принциптерді, негіздерді және басқа жалпы аспектілерді алға шығара алуына жол ашады.  Осы мақсатқа жету жолында  біздің Аудандық Дебат пікірсайыс алаңының кординаторы,  тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Гүлбарам Сартайқызы Каленованың ұйымдастыруымен Меңдіқара ауданының білім бөлімі де қарқынды жұмыс жасап келеді. 26 сәуір күні аудандық білім беру бөлімінің Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Гүлбарам Сартайқызы Каленова және дебат кеңесінің мүшелері қазылық етті. «Сұлулық сайыстары зиянынан гөрі көп пайда әкеледі ме?» тақырыбында онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы алғашқы қадам жасалды.  Дебатқа Меңдіқара ауданындағы Қаратал,Жангелді,Сосна орта мектебі, Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының Дебат клубынынң мүшелері қатысты. Ақтаушылар мен даттаушылар арасында жеребе тасталып,сайыста Жангелді мектебі мен Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясы және Сосна орта мектебімен Қаратал орта мектебі пікірталасқа түсті. Сөз додасында алдыңғы қатардан көрінген Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясы мен Сосна орта мектебі аудандық ақтық мәреге жолдама алды. Дебат барысында оқушылар Қазақстандағы Сұлулық сайыстарының өткізілуі қоғамға ұтымды да,ұтымсыз жақтарын ашып көрсетіп,өз ойларын ортаға салды. Әр түрлі мектептен жиналған оқушылардың ойлары да әр алуан. Әр команда өз позициясында аргументтер мен фактілерін дәлелдер келтіріп,сөз жарыстырды.Осылайша ортаға тасталған сұрақ төңірегінде барлығы да өз ойын білдіріп,белсенділіктерін танытты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған пікірталастың жеткіншектерге берері мол болды. Әсіресе, Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының «Заман»дебат клубының жетекшісі жас маман Қостанай Айдос Анарбекұлының 9 сынып оқушылары Мухамедқали Ажаркүл мен Турсынова Аруна сөз сақтап, қарсыластарынан басым боп,«Сайыста қарсылас болсақ та, өмірде дос болайық!» деген ұсыныспен сайыста белсенді болды. Бұл турнир мектеп оқушыларының сыни тұрғыда ойлау, өз позициясын тұжырымдау, тақырып бойынша пайымдарын қалыптастыруға ықпал ете білді. Алдағы уақытта да өз жобамызбен талай сөз додасында біздің Меңдіқара биік жеңістерден көрінері сөзсіз!

                                                               Эльмира Еркінбайқызы

                                        Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

                                                              Ғ.Жұмабаев мектеп-гимназиясы

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: