Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғаббас Жумабаев атындағы Боровской орта мектеп-гимназиясының 9 «А» сыныбында өткізілген «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы сынып сағаты туралы қорытынды есебі
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ шығар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні» ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Осыған орай 1 желтоқсанды енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Сондықтан сыныбымызда «Елін сүйген -Елбасы тақырыбында сынып сағаты өтті.
Оқушылар белсенді түрде атсалысып, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, рухани жаңғыру аясында көпшіл пікірлер алмасты. Шаңырақтың биік болуы ,тереземіздің көппен тең болуы әрине - ол Тұңғыш президенттің еңбегімен ,толағай табысы деп біліп ,оқушылар бейбітшілік құсы көгершінді бейнелеп ,оған өз үлестерімен құттықтауларын жазып, орта салды.Мерекелік сынып сағаты ұнамды да , әрі әсерлі болды.
Оқушылар пікіріне көз жүгіртсек 2019жыл «Жастар жылы» деп жариялауына ризашылықтарын білдірумен қатар ,Жастар атынан алғыс білдіреді.
Сөз соңында сынып сағатын тамамдаған сынып жетекшісі Башпанаева Ғалия Жұматқызы Елбасының барлық ісі ол елдің қамы мен елдің болашағы деп әлем алдында да зор беделге ие тұлға екендігін атап өтті.