1 шілдеден «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» ММ-де мектеп жанындағы «Мейірім» сауықтыру лагерьі жұмысын бастады. «Мейірім» лагерьі - мектеп жанындағы лагерьдің екінші ауысымы болып табылады. Лагерь үш үйірмеден тұрады: «Достық» шатырлы лагерьі, «В человеке все должно быть прекрасно» тілдік үйірмесі және «Интернет клуб» үйірмесі.
«Интернет клуб» үйірмесінің мақсаты - робот техникасы құрал-жабдықтар көмегімен ғылыми техникалық бағытта креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру. Ең алдымен, бұл қосымша білім. Техникамен қызықты эксперименттер, өз қолдарымен қызықты, пайдалы, ерекше нәрсе жасау. Шығармашылық әлеуетті дамытатын кез келген үйірмелер пайдалы.
Үйірмеде оқушылар LEGO MINDSTORMS EV3 жинағымен талдап танысты. Лего жинақтамасынан Makeblock жинағы және Lego Mindstorms Ev3 жинағынан роботтар құрастырып, бағдарламасын жазды. Бұл іс-әрекет оқушаларға шын мәнінде қызықты болды.
Робот техникасымен айналысу баланың жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, информатика, математика, технология, физика дағдыларын дамытады, пән мен шығармашылық қабілеттерін көлемді көре алады.
Үйірме жетекшісі: Смаилова Э.М.