Лагерьдің балаға тәлімі
Жазғы сауықтыру "Достық" шатырлы лагері - Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында орналасқан.Бастауыш сынып кабинеттері, ойын алаңдары 6-12 жастағы балаларға арналып жас деңгейіне сай жабдықталған.Жазғы мектеп жанындағы лагерь оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұжымының дамып, қалыптасуына әсер етсе, сондай-ақ әлеуметтік түсінік-қабілетін дамытуға негіз құрайды,олар алған тәжірибесін кез келген үжымда қолдана отырып, соңыңда оқу іс-әрекетінде де қарым - қатынас жасай алады.Еркін пікір алмасуға үлкен мүмкіндік жасалады.Еркін, қалыпты жағдай балалардың өз еркімен әрекет жасау қабілетін дамытуға, оны ашуға жол ашады, белсенділігін арттырып, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге, түрлі дағды, білім ашуын қалыптастырады. Лагерь жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты: балалардың лагерь жағдайында әлеуметтік тәжірибе жинақтауы, дамуына жағдай жасау, сауықтыру мазмұны, түрі жағынан әр түрлі қызықты да мазмұнды жүйе қалыптастыру. Жазғы мектеп жанындағы лагердің негізгі міндеттері: Лагерь тәрбиеленушілері мен педұжымның бірлесіп атқаратын іс- шарасын ұйымдастыру көзделеді.Оқушылардың бойында туған жерінің табиғатына, жеріне, әлемге ,мәдениетіне қамқорлық сезімін дамыту,балалардың шығармашылық,біліктілік, дене тәрбиесі қабілеттерін дамытуға жағдай жасау,құрдастарымен мәдениетті түрде қарым - қатынас жасауға баулу, мектеп,қала,елінің тарихы туралы білім көлемін толықтыру,Отансүйгіштік құндылықтары қалыптасады.
Жетекшілері. Абилова А.А.
Абдрашев Р.Ж.
Ғаббас Жұмабаев атындағы
Боровской мектеп-гимназиясы,
Меңдіқара ауданы