«Ұлы даланың ұлы есімдері» фестивалі бағдарламасы
«Ұлы даланың ұлы есімдері» фестивалі бағдарламасы
І. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: «Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ, «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімі Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы» ММ
ІІ.ӨТЕТІН ЖЕРІ: «Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы» ММ
ІІІ.ҚОЛДАУШЫЛАР: Меңдіқара ауданы әкімдігі, Қостанай облысы білім басқармасы
IV.ӨТЕТІН МЕРЗІМІ: 26-27 наурыз, 2019 жыл.
V.БАЙҚАУ БАҒДАРЛАМАСЫ:
26 наурыз- фестиваль қатысушыларын қарсы алу. Тіркеу және таныстыру, фондық музыканы қабылдау, мектеп интернатына орналастыру, кешкі би кеші, спорттық ойындар
27 наурыз
v09.00-10.00 - ашылу салтанаты.
v10.00- 13.00 - байқау шарасы.
v13.00- 14.30 - түскі үзіліс
v14.30-17.00 - байқау шарасы
v17.00- 18.30- жеңімпаздармен қатысушыларды марапаттау
VI.МАҚСАТЫ
Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру идеясын қолдау және жасөспірімдер мен жастар арасында кең насихаттау.
«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол аашатын идея екендігін насихаттау.
Елбасының «Ұлы даланың Жеті қыры» мақаласы аясында төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін жасөспірімдер мен жастар қалыптастыру.
Ұлы даланың ұлы перзенттері – қазақ халқының азаттық жолындағы қасиетті күресінің асыл шежіресі даланың қағандары мен хандары, билері мен батырлары, сардарлары мен сарбаздары, салдары мен серілері, тарих мұңын жоқтаған жырау да, табиғат мұңын шаққан сазгер де, сөз саптаған шешен де, найза ұстаған көсемдері, өнер-білімге жол ашқан ұлы даланың мәдениетін көркейтуге өз үлесін қосқан тұлғалар есімдерін кеңінен насихаттау.
Тұлғаға өз тарихына құрметпен қарауға және зерделеуге, халықтың шежіресін қаһармандылықпен жырлауға тәрбиелеу.
Талабы мен таланты, бағы мен бабы қатар жүретін дарынды балалардың әдеби және мәдени кеңістігін қалыптастыруға әсер етіп , рухани байытып, көркем шығармашылық қабілетін дамыту арқылы эстетикалық тәрбиелеу.
Өнерлері мен білімдерін сынау арқылы үлкен сахналарға шығуына жол ашу.
Назарға ұсынамыз:
2019 жыл төмендегі тұлғалармен ерекшеленеді. Қатысушы төменде көрсетілген тұлғалардың туындыларын ұсынуына мүмкіндік бар
Қостанай облысы, Тобыл ауданының тумасы Бейімбет Майлинге 125 жыл
Суретші Әбілхан Қастев 115жыл
Сәкен Сейдуллин 125 жыл
Меңдіқара ауданы Ақсуат ауылының тумасы, қазақ ақыны Ғаббас Жұмабаевтың (1924-1980) туғанына 95 жыл
Бердібек Соқпақбаев 95 жыл
Әбіш Кекілбаев 80 жыл
VII.ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
10-13 жас аралығы- «Өркен тобы» (4-7 сыныптар аралығы)
14-18 жас аралығы – «Кемел » тобы (8-11 сыныптар аралығы)
VIII.БАЙҚАУ БӨЛІМДЕРІ:
Өнер бөлімі:
ТАЛАПТАРЫ: «Өнер бөлімі»
1. «Көркем сөз» бөлімі бойынша қатысушылар ұлы даланың ұлы перзенттерінің жырлап өткен ақын-жазушылардың (Яссауи, Күлтегін, Бейбарыс, Әз-Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай, Ыбырай т/б ) өлеңдерін, монолог,поэмаларынан үзінді ұсына алады. Бұрын соңды сахналарды жиі орындалмаған тың туындыларды орындау- артықшылық болып есептелінеді. Хронометражы 3 минут.
1 шығарма орындауы тиіс. Сонымен қатар, өлеңнің дұрыс таңдалуы, орындау және актерлік шеберлігі, сахнада өзін-ұстауы, дауыс ырғағы, сахналық киімдері БАСТЫ НАЗАРДА. Әрленген фондық музыканы қолдануға рұқсат
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «отан, елбасы, ел, жер, туған өлке, жеңіс, ерлік пен елдіктің шежірелі беттері, батыр бабалар, тәуелсіздік және т.с.с рухани-патриоттық тақырып аясындағы өз қолдарынан шыққан туындыларын көрме негізінде ұсынуы тиіс. Кемінде 3 туынды.
3.«Жас сахна» номинациясы бойынша қатысушылар «Ұлы даланың ұлы есімдері »
тақырыбын ашатын 10 минуттан аспайтын тарихи оқиғалар немесе қазіргі таңдағы жағдайларға байланысты оқиғалар желісімен сахналық қойылым қоюлары тиіс. Орындау шеберлігі, тақырыпты аша білуі ескеріледі, туындыдағы бірнеше кейіпкер бейнесін бір қатысушы сомдау.
ЕСКЕРТУ!
Таныстыру ережесі:
- Мектеп аты
- Ұраны, әні
- Қатысушылардың ерекшеліктері сипатталу керек
XI.МАРАПАТТАУ
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер номинациялары жас ерекшеліктеріне сәйкес «Алтын», «Күміс», «Қола» жүлдемен, І,ІІ,ІІІ лауреаттары және І,ІІ,ІІІ дипломанттары грамоталармен, арнайы номинациялық марапат қағазымен марапталады.
Жеңімпаздарды дайындағаны үшін жетекші ұстаздар Қостанай облысы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталады.
XII.ҚАРЖЫЛЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Фестиваль қатысушыларының жол шығындарын, тамақтануын жіберуші тарап есебінен болады.
ХІІ.БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛА ТІРКЕУ
Байқауға қатысушыларды алдын-ала тіркеу: Anara1981_10@bk.ru
поштасы арқылы жүреді. Ақпарат алу және жауапты тұлғалар:
Байқау бағдарламасы/ұйымдастыру сұрақтары
Дүйсенбаева Эльмира Еркинбаевна 87774452286, 87024967923
Музыкаға жауапты
Омаров Марат Кеңшілікұлы 87771808746
Қарсы алу,орналастыру, сұраныс/шақыртулар жіберу
Сандибекова Анар Салимжановна 87024106515
Алдын-ала тіркелу 2019 жылдың 20 наурыз күні аяқталады. (Мерзімінен кейін келіп түскен сұраныстар қабылданбайды) : Сұраныстарды мына электронды почтаға жіберіңіздер Anara1981_10@bk.ru
ӨТІНІШ-САУАЛНАМА ҮЛГІСІ
№ |
Қатысушы/ топ атауы |
Жасы |
Байқау бөлімі |
Келген жері |
Жетекші және байланыс |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|