Бүгін ақпан айының 12-ші жұлдызында 9 «А» сыныбында «Мейірімділікке толы жүрек» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында түрлі әдіс -тәсілдермен түрлендіріле өткендіктен оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыластары мол болып, сабақ жоғары деңгейде өтті. Сара Алпысқызының салған жолын кейінгі ұраққа дәріптеу мақсаты мен адамгершілік тұрғыдан ашылған «БӨБЕК» қорының негізгі мақсаты айтылып, өз пікірлерін білдірген оқушылар жүрекшелерге «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ұстаныммен пікір қалдырған екен.
Сынып сағатында негізгі айтылған басты жақсылықтың нышаны ол «көмекке зәру балаларды өз қамқорлығына алып , тәрбиелеуіне ,білім алуына көмек бергендігін» жақсы жолды бағыттаған Сара апайдың нақты жолын жоғары бағалап ,қуаныш сыйлаған сағатта жақсылық жайлы ән айтылып қорытындыланды.