08.10.2020

Мектепке жол акциясы

08.10.2020

  Қазіргі таңға дейін атаулы акция тек оқу жылының басталуы барысында ,яғни, тамыз айында бастау алатын. Қазіргі таңда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы жалғасын табатын болады.Акцияның негізгі мақсаты – көпбалалы, азқамтамасыз етілген, жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға қаржылай немесе материалдық көмек көрсету. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке дайын болмай қалуын алдын алу. Осы орайда көмек сұрап барғанымызда,бетімізді қайтармай көмек көрсеткен мекемелер, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар төмендегідей: Аудандық «Прокуратура» мекемесінің қызметкерлері (20,000 тг), «Меңдіқара ауданы әкімдігі аппараты» ММ Боровской ауылдық әкімшілігінің ұжымы (11,000 тг), «Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ –нің ұжымы (31,150 тг), «Мир Одежды» сауда үйі (10,000 тг), «Меңдіқара ауданаралық әділет басқармасы» РММ –нің басшысы Ж.Ж.Казбаева (10,000 тг), жеке тұлға Амирханов А.М. (30,000 тг), «Меңдіқара аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешіті» бас имамы Е.Ж.Қошан ҚМДБ – ың атынан он оқушыға жалпы (45,000 тг) және Ғ.Жұмабаев атындағы БМГ мектеп ұжымы (16,000 тг) көмек көрсетті. Жоғарыда аталған мекемелер, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар балаларға мектепке керекті формалар мен оқу құралдарымен және ақшалай қамтамасыз етті. «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп – гимназиясы» ММ – нің ұжымы және ата – аналар қауымы акция барысында қөмек қолын созған барлық мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлерге және қолдау білдірген тұлғаларға алғысын білдіреді !!!




Ғ.Жұмабаев атындағы БМГ.
Әлеуметтік ұстаз
Шынтеміров Еркебұлан Ғабитұлы

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: