21.01.2019

Менің елім-Астана

21.01.2019

 Өтілу мақсаты балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Өткізу формасы: Викторина және топтық сайыс түрінде өткізілді. 8-11 сынып оқушылары мен «Жас ұлан» ұйымының мүшелері, сынып жетекшілер қатысты.

 

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Ғ.Жұмабаев

атындағы   Боровской мектеп-гимназиясы»ММ-нен2019 жылдың қаңтар айында өткізілген Менің елім-Астана тақырыбы негізінде өткізілген  «Отаным – алтын бесігім» тәрбие сағаты

 

Өтілу мақсаты балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Өткізу формасы: Викторина және топтық сайыс түрінде өткізілді. 8-11 сынып оқушылары мен «Жас ұлан» ұйымының мүшелері, сынып жетекшілер қатысты.

1. Қазақстан Мемлекетінің Рәміздері,  Елтаңба, Қазақстан жалауы туралы әдеби монтаждан үзінділер көрсетілді.

Мектеп президенті Урузбаева Назгүл ашылу салтанатында  кіріспе сөз оқыды. Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті. Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз  екендігін айтып өтті.

   8-11 сыныптар арасында топтық сайыс өткізіліп, әр сынып үш бөлім бойынша білгірліктері мен шапшаңдықтарын көрсетіп додаға түсті.

«Кім білгір?», «Жалғасын тап», «Өнерлі жастар» бөлімдері бойынша сайысқа түсті. География пәні мұғалімі және мектептің аға тәлімгері ұйымдастырыл-ған ашық тәрбие сағатында 10 сыныптар «Қыран» тобы ең жоғарғы көрсеткіш көрсетіп, ел ордасы Астана жайлы, тарихымыздың өткені мен бүгінгісін көз алдымызға елестету барысында өз білгендерін ортаға салып, білгір оқушы екендіктерін танытты.

Өз еліміздегі көне тарихының ұмытылмауы, атажұрттың тарихи жәдігерлерін сүйген, қастерлеген бүгінгі ұрпақтың санасының терең екендігін  дәлелдеп берді.

 

 

 

     

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: