Республикалық «Мен OFFLINE» акциясы аясында 7 «А» сыныбында «Мен және әлеуметтік желі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Республикалық «Мен OFFLINE» акциясы аясында 7 «А» сыныбында «Мен және әлеуметтік желі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Республикалық «Мен OFFLINE» акциясы аясында 7 «А» сыныбында «Мен және әлеуметтік желі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Ғаламторға тәуелділіктің алдын алу мақсат еткен бұл сабақта ғаламтордың зияны туралы бейнежазба ұсынылып, оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Оқушылардың бір тобы ғаламтордың зияны туралы сөз қозғаса, енді бір топ ғаламтордың мүмкіншілігіне тоқталып өтті. Сынып оқушыларына алдын-ала тапсырылғандай олар «ғаламтор ораза», яғни, ғаламторсыз бір күн өткізу керек болатын. Сабақ барысында сол бір күннің нәтижесін ортаға салып, әсерлерімен бөлісті. Ғаламторсыз кез келген адамда уақыттың өте көп болатындығын айта келіп, қосымша нәрсемен айналысуға, серуендеп, үй ішіндегілермен ортақ тақырыпта әңгімелесуге болады деген тұжырым жасады.
Сондай-ақ, оқушылар осы тақырып барысында сурет салып, эссе жазды. «Өрмекшінің торындай әлемді шырмаған ғаламтордың құрбанына айналмай, өмірді сүйе білейік» -дейді сынып оқушылары.
Ражанова Айнур Конысбаевна
7 «А» сынып жетекшісі