09.12.2020

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

09.12.2020

 

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

       Отбасы - шағын мемлекет десек бұл оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңесе керек. Өкінішке қарай түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күндегі айқай шудан шаршаған әйелдердің көбі ажырасуға мәжбүр болады. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды.Дөрекілік, балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықтың дамуын тудырады және қылмысты тудырады.Ол өз-өзіне қол жұмсауға келеді немесе бала тағдырын бұзады. Жеткіншектердің өміріне қауіп төндіретін осынау аталмыш жағдайларды болдыриау мақсатында мектептерде де айтарлықтар алдын алу жұмыстары жүргізіліп отырады.Балардың болашағын қалыптастыруға қол үшін созатын ұстаздар, оның ішінде аталған жағдайларға байланысты жасөспірімдерге тікелей қолдау білдіріп,осы істе маман ретінде қол ұшін созатын психолог,әлеуметтік педагог және де мектеп инспекторы.Аталмыш мамандар оқу үдерісі барысында ата-аналармен, оқушылармен қашықтықтан дәрістер,түсіндіру шараларын,ақпараттандыру және де рейдтік іс - шараларын жүргізіп отырады. Ақпараттар мектептің жеке сайтында, «Instagram»,  «Facebook», «WhatsApp» әлеуметтік желілерінде қолжетімді түрде жүктелген.Отбасында болсын,қоғамда болсын балалардың құқығы тең қорғалу қажет.Балаға дұрыс тәрбие бере отырып, баланың құқығын дұрыс қорғай білген ата-ана, бала болашағында дұрыс қалыптастырады. Әр баланың тағдыры сіздің қолыңызда!

         Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы

Әлеуметтік педагог

Шынтеміров Е.Ғ

Психолог Мергенова Ж.С

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: