22.01.2019

Пән олимпиадасы

22.01.2019

Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы әрі маңызды басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке. Бұл олмипиада мектеп, ауданнан бастау алып, облыс, республикада жалғасын табатын дәстүрлі үрдіс.

 

Биылғы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадасының қорытындысы бойынша дарынды оқушылардан құралған мектеп командасы І орынды жеңіп алды. Соның ішінде облыстық кезеңге жолдама алған екі оқушымыз білімдерін дәлелдей біліп, жүлдемен оралды. Орналы Майя қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын (жетекшісі Ражанова Айнур Қонысбаевна), Уразбаева Назгуль география пәнінен ІІІ орынды (жетекшісі Ражанов Қанат Қонысбайұлы) иеденді. Тұңғылықты дайындық пен үздіксіз ізденістің нәтижесінде оқушыларымыз жеңіс тұғырына көтерілді.

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: