17.04.2020

Рухани жаңғыру аясындағы қосқан үлестері жайлы анықтама

17.04.2020

 

Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясының оқушыларының рухани жаңғыру аясындағы қосқан үлестері жайлы анықтама.

  Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толыққанды жаңғы­руымыз мүмкін емес.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.

   Сондықтан да біздің оқушыларымыз, рухани жаңғыру аясында, соның ішінде прагматизмді жетілдіруге  үлестерін қосып жатыр.

Бірі дене шынықтырып денсаулыққа бастаса, бірі кітап оқып ,ән жазып білімдерін толықтыруда. Енді бірі ата-анаға қамқор болып,көмектесуде және қолдарынан өнер тамған қыздарымыз да өз қолдарынан бұйымдар жасауда. Бұның өзі оқушыларымыздың үйде болса да, рухани жаңғыру бағдарламасының  жүзеге асуына қосқан үлестері.

    

 

                                                                                     

                                                                                                                                   Мектеп аға тәлімгері:    Ескалиева Г.Б.

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: