19.11.2019

«Рухани жаңғыру келешектің кепілі»

19.11.2019

 

     «Меңдіқара ауданы  Ғ.Жұмабаев  Боровской мектеп гимназиясы» ММ

 

15 қарашада мектебімізде  «Рухани жаңғыру келешектің кепілі»  тақырыбындағы өнеге сабақ өткізілді.  Негізгі мақсатыоқушылардың санасына ,сезіміне адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық рухани мәдени құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірту, жалпы Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, ертеңгі елге адал еңбек ететін тұлға қалыптастыру  болды. Халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында  өткен шара оқушыларымыз  постер қорғау арқылы нағыз патриот тұлға екендіктерін көрсетпек. 11 сынып оқушыллары ертеңгі күні елге адал қызмет ететін, елінің ертеңі үшін аянбай тер төгетін, адал еңбектің арқасында еліне танымал тұлға болатын жастар болып өсетіндіктерін жеткізіп берді. Тарих пәні мұғалімі Динар Қонысбайқызы түрлі видео материалдар көрсете отырып, рухани тәрбиенің терең мәнін ұғындырып өтті.  Біз тәрбиелеп отырған әр бала ертеңгі елдің тірегі.

                                                                                  Эльмира Еркинбаевна

                                                                               Тәрбие ісінің орынбасары

 

 

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: