«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» ММ
«Сақтан мұздан!» қауыпсіздігі бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі.
4қараша аралығынды мектепішілік мұздан баланы сақтау бойынша арнайы жоспар жасалып мектеп директорымен бекітілді. 4-6 қараша аралығынды «Баланы сақтай біл!» тақырыбында ата-аналар және оқушылармен нұсқаулықтарға қол қойылды. 7-8 қараша аралығында төменгі бірінші қабатқа «Сақтан, балақай!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 11-13 қараша Төтенше жағдайлар бөлімінен 1-4,7-9 сыныптар аралығында Аслан Маратұлы келіп «Мұздан сақтана білу керек» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 5-6 сыныптар 13 қазанда сағат 11:00-де Қостанай облысы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен ұйымдастыруымен «Мұздағы бала қауыпсіздігі» онлайн сабақ көріп, сол арқылы бала өз ойын айтып өтті. 1-11 сыныптың жетекшілері 4 қарашадан бастап «Сақтана білген жөн» , «Өз өмірің өз қолыңда», «Бала өмірін сақтау керек», «Мұзды жер қауыпті жер» т/б тақырыптарда түрлі сынып, тәрбие сағаттарын өткізіп, таныстырып өтті. Мектеп инспекторы Айжан Еркебұланқызы 1-11 сыныптарға келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырды. 13 қараша күні жоспардан тыс «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» және «Мұздан баланы сақтау» тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа «Заң және жауапкершілік» Аудандық прокуратура қызметкері Оспанова Анар Шымболатқызы, «Ата- ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық
байланыстың негізінде тәрбиеленген тұлға» Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Мухамбетова Бағлан Мизамқызы, «Мұздан баланы сақтау» төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Аслан Маратұлы, аудандық құқық бұзушылықты алдын алу бойынша әдіскер Абитаева Айтжан Гамировна, «Рухани жаңғыру» бағдарламы бойынша аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ахметкалиева Мақтагүл Омаровна, АІІБ қызмектері Оспанова Нұргүл Қайыржановна қатысты. Жиналыста өз мектебіміздің әлеуметтік педагогы
Шынтеміров Еркебұлан Ғабитұлы «Әлеуметтік желідегі өмір», мектеп психологы Жұлдыз Сабыржановна »«Мектептегі аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу шаралары» бойынша баяндама оқыды. Жиналысқа 240 ата-ана қамтылды. Алдағы уақытта да осы мұз қауыпсіздігіне бағыттаған түрлі формада жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. 14 қарашадан бастап мектебіміздің ер мұғалімдері су жағасына кезекшіліке тартылды. Күнделікті кезекшілік өткізе отырып, видео, фото отчеттар беріп отыру жоспарланды

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Э.Е.Дүйсенбаева