03.08.2020

Түнгі қаладағы балалар" рейдтік іс- шарасы

03.08.2020

 "Түнгі қаладағы балалар" рейдтік іс- шарасы. Қостанай облысы бойынша қазіргі таңда "Түнгі қаладағы балалар" рейдтік іс- шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл шараның мақсаты кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ата - аналары немесе заңды өкілінсіз кешкі уақыттарды(сағат 23:00 ден кейін) тұрғын жайдан тыс жерде болмауына жол бермеу. Осы орайда атқарылатын жұмыстар ата - аналардың құқықтық жауапкершілігін,сондай - ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз болуының ықтимал тәуекелдерін түсіндіретін ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Демалыс уақыттарында, әсіресе кешкі уақыттарда баланың бос уақытын тиімді өткізуін,пайдалы жұмыстармен айналысуын қадағалау осы шараның негізгі өзегі болып табылады. Осыған байланысты БАҚ - та және интернет желісінде ақпараттарды,видеороликтерді,түсіндірме парақшаларын пайдалану арқылы ата - аналарға ақпараттық - түсіндірме жұмыстары жүргізілді. "WhatsApp" желісі ойынша жекелеген сыныптар бойынша ата - аналар топтарына, мектептің арнайы ғаламтор бетіне (мектептің сайты), "Instagram" әлеуметтік желісіне ақпараттар таратылып,жұмыстар жүргізілді.

    Добавить комментарий
    Необходимо согласие на обработку персональных данных
    Повторная отправка формы через: