«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімі Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» ММ-нен «Түпкі ұлттық келіспеушілікті жою» тақырыбы бойынша алдын алу жұмыстарының қорытынды есебі
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімі Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» ММ-нен «Түпкі ұлттық келіспеушілікті жою» тақырыбы бойынша алдын алу жұмыстарының қорытынды есебі
Біздің мектебімізде өзге ұлт өкілдері де білім алады. Атап айтар болсақ: орыс, татар, тәжік Біз білім алушыларымызды ұлттар достығына тәрбиелеп келеміз. Ондағы мақсатым: Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Біз «Заман және жастар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздік. 8-11 сынып оқушылары 120 оқушы қатысты. Дәл осы тақырып көлемінде 8-11 сыныптардың ата-аналарымен АКТ залға өтті. Жиналысқа 115 ата-ана, 23 сынып жетекші қатысты. 11 сынып оқушылары үшін «Өзге ұлтты құрметте» деген тақырыпта мектеп инспекторы Муратов Каким Маликович ашық кездесу өткізді.иОқушылардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеуді мақсат етті. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, имандылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ата-баба дәстүрін құрметтеу, ұлттық келіспеушіліктен бойды аулақ ұстау керектігін терең түсіндірді.
Мектеп инспекторы Каким Маликович 11 сынып оқушыларына қазіргі кезде бой көтеріп келе жатқан мәселелердің бірі-бәсекелестік болып табылындығын, бәсекелестік адамдардың арасындағы келіспеушілікті, көре алмаушылықты айтуға болатындығын айтып өтті.. Соның бірден-бір дәлелі ретінде қазіргі жастар арасындағы бір-біріне деген көре алмаушылықты, келіспеушілікті мысал ретінде қарастыруға болатындығын, осыдан барып жастарымыздың арасында қатыгездік, мейірімсіздік туындайды деп баса айтты. Біздің білім алушыларымыз ондай оғаш қылықтардан бойын аулақ ұстайтындықтарын ашық айтып жеткізді. Осындай алдын алу жұмыстарын мектебімзде алдағы уақытта да жүргізіле береді.
Мектеп директоры: (қолы қойылған) Н.Ж.Утеулина
Орындаған: (қолы қойылған) Э.Е. Дүйсенбаева