Оқушыларымыз да күзгі демалысқа шықты. Алайда, баланың бос уақытын тиімді пайдалануын қадағалауда ұстау керек. Осы мақсатты негізге ала отырып, бүгін «Жай ғана жақсылық жаса!» тақырыбында сынып жетекшілеріміз өз сыныбының оқушыларымен бірге Zoom платформасы арқылы сынып сағатын өткізді. Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтуді, адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру, жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіруді, жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіруді, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамытуды,қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеуді мақсат ете отырып өткізді.
5-11 сынып арасында өткізілген бұл шара мектеп сайтына орналастырылды. Жалпы 182 оқушы 14 сынып жетекші қатысты. Сынып сағатында оқушыларымыз «Жақсылық жасау», «Жақсылық пен жамандық», «Ниетті дұрыста», «Жақсылықты тек Аллаға арна» бөлімдері бойынша өз ойларын айтып, шығармашылық жұмыстар жасады.Бұл шара арқылы біз оқушыларымыздың берген жауаптарынан, белсенді іс-әрекеттерінен халқымыздың осы бірбағалы дәстүрін – қайырымдылық пен жақсылықты ұрпақ ұмытпай, қадірлейтінін көре алдық.
Тәрбие ісінің орынбасары: Э.Е.Дүйсенбаева