«Жастар Қазақстанның жарқын болашағы»
Тағлым сағаты
06.01.2020ж сағат 11.00, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ғ.Жұмабаев
мектеп-гимназиясында аға тәлімгері, тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен ашық шара болып өтті. Өткізудегі мақсатымыз бүгінгі уақыт талабына сай,рухани бай,өздігінен шешім қабылдай алатын,білімімен қаруланған жеке тұлаға тәрбиелеу барысындағы мектебіміздегі жас ұстаздардың шеберліктерін анықтау болды. Жастардың бойына Отанға деген құрметті, рухани мәдени құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіртін, ертеңгі елінің мақтан етер азаматы болуға баулу жолдарын, жалпы Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыра отырып, ел сенімін ақтар азамат болып өсуіне жол ашу барысындағы жасап келе жатқан шеберліктерін ортаға сала отырып жас ұстаздарымыз өздерінің жаңашылдықтарына көзімізді жеткізді. Стикерлер ретінде мектеп директоры Нұргүл Жұмаділқызы және Кушанова Перузат Сарсенбековна «Шығармашылық балалар үйі» директоры,
Дуйсембаева Тұрсынай Мухтаровна «Жастар саясаты» бөлімінің қызметкері қатысты.
Оқушылардың әр салада білімін кеңеюіне, шығармашылық ізденісін жетілдіруге, топпен ұжымшылдықпен жұмыс жасау дағдылары қалыптастыруға, Отан тарих-табиғатына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге тәрбиеленеді. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге біздің жас ұстаздарымыздың өзіндік үлесінің зор екендігін осы шара нақты көрсетіп берді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Э.Е.Дүйсенбаева