Көктемнің соңғы айының 25 жұлдызында мектептің сыңғырлаған қоңырауы балаларға «Жазғы демалыста жақсы демалыңдар!» дегендей болды. Осы сиқырлы сөздерді ата-аналар ымыз шындыққа асырды.
26 мамырда біз, 6 «Ә» сынып оқушылары, ата-аналарымыз демеуімен, әсіресе Мурат Сабитович пен Гулиа Ашимовна Кажыгалиевтер арқасында облысымыздың орталығы - Қостанай қаласына саяхатқа шығып келдік

Жазғы демалыстың алғашқы сәттері.
Көктемнің соңғы айының 25 жұлдызында мектептің сыңғырлаған қоңырауы балаларға «Жазғы демалыста жақсы демалыңдар!» дегендей болды. Осы сиқырлы сөздерді ата-аналар ымыз шындыққа асырды.
26 мамырда біз, 6 «Ә» сынып оқушылары, ата-аналарымыз демеуімен, әсіресе Мурат Сабитович пен Гулиа Ашимовна Кажыгалиевтер арқасында облысымыздың орталығы - Қостанай қаласына саяхатқа шығып келдік.
Әсем қаланың көшелері мен сұлу ғимараттарын тамашалап, Жеңіс бағының ішінде серуендедік. Содан кейін туған өлкенің тарихы мен әдеби мұрасымен облыстық мұражайларда – облыстық өлкетану, Ыбырай Алтынсарин мүражайы мен теміржол тарихының мұражайында болып қайттық.
Әрине, құрбы-құрдастарымызбен бірге барып, алған әсерімізді тыңдап, қолдауын алған – бізге, жасөспірімге , баға жетпес сыйлық!
Облыстық мұражайда жерлестеріміз – Кәмшат Дөненбаева - апамыз, Буканов Сайран Балкенұлы туралы ақпараттарды көріп жүрегімізде мақтаныш сезімі орын алды.


Солармен бірге тарихы кесенелер залында өз ауданымыздың Алқау ауылында жерленген батыр Маңдай Байдәулетұлының тамы макетін көріп ерекше сезімде болдық. Тарих сабағында ол туралы Динар апай айтұаны есімізге түсті.
Шынында, әр оқушы бала Отан деген ұлы сезімді өзінің туған ауылы мен ауданынан басталатынын біледі де оны ерекше сезінеді. Осылай екеніне- мұражай қызметкері «Меңдіқара ауданы» дегенде барлық балалардың назары сол экспонатқа лезде ауыса қойғанынан байқалды.
Мұражайдың табиғат залында – қарағай, қайың ормандары мен еліктер біздің ауданның бейнесі-символы екенін естіп, өз көргендерімізді де айтып жарыстық. Тіпті аудан орталығындағы өзенге аққулар қонып демалатынын айтып ұлгірдік.
Қазақ даласында алқашқы мектеп қоңырау үні Торғай ауылында соғылғанын білсек те, өз көзімізбен бірінші ұстаз - Ыбырай атамыздың ұстаған заттарын: қыл қаламын, сия сауытын, қолжазбаларын, хаттарын, мектеп құралдары мен партасын өз көзімізбен көріп тамашаладық.
Біз Қостанай облысының экономика саласына теміржол станцияларының қандай үлкен әсер ететінін теміржол вокзалында орналасқан мұражайда білдік. Ұлы Отан соғыс кезінде Ұлы жеңісті жақындатуға теміржолшылардың үлкен үлес қосқанын білдік. Кейбір сыныптастарымыз осы жерде теміржолшы мамандығына қызуғышылық танытты.
Мұражайлардан кейін, көп әсер алып, шаршағанызды, Қостанай қаласының әдемі орталығы – Стит-центрге барып басып, демалдық. Фонтанның қасында, салқын самал желі астында, рахаттанып отырып, көңілденіп жеген тамақтарымыз ең тәтті болып көрінді.
Фонтанның атқып тұрған сулары: «Алақай! Жаз келді! Саяхатқа шығыңдар!» дегендей күн көзінде жарқырап, бізге айқалап тұрғандай болды.
Бәз басқа балаларды да жазғы саяхатқа шығуға шақырамыз!
Осындай қызықты , естен кетпес күнді сыйлаған ата-аналарымызға, әсіресе көлікті ұйымдастырып берген Кажыгалиевтер отбасына және бізбен бірге барған сынып жетекшіміз Тулегенова Зибагүл апайға көп рахмет айтамыз!
Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской-мектеп гимназиясы
Темирбаева Наргиз, Кендирбаев Жандос. 6 «Ә» сынып