


Қостанай облысы Әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ-де Оқушылардың Халықаралық Отбасы күніне арналған "Отбасы сағаты" атты іс-шара аясында 16.05.2021 жылы 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен "Ұрпақ жақсысы-ұядан" атты үлгілі отбасы туралы слайд ұйымдастырылды.Слайдта оқушылар Отбасының ұйытқысы ата-ана мен балалар екендігін көркем түрде көрсете біліп,отбасы жылулығын ұғындыра білді.
Қостанай облысы Әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ-де Оқушылардың Халықаралық Отбасы күніне арналған "Отбасы сағаты" атты іс-шара аясында 15.05.2021 жылы Дене тәрбиесі мұғалімдері жетекшілігімен 5-9 сынып оқушыларының қатысуымен "Бақыттымыз бірге" атты Ұлттық ойындар ұйымдастырылды.Оқушылар ата-аналарымен және өз отбасы мүшелерімен спорттық ойындарды ойнап,талабын шыңдады.
Оқушылардың Халықаралық Отбасы күніне арналған "Отбасы сағаты" атты іс-шара аясында 14.05.2021 жылы 6-8 сынып оқушыларының қатысуымен "Оқушы,отбасы,қоғам"атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Сынып жетекшісі Мергенова Жұлдызбен аға тәлімгер Қостанай Айдостың Отбасы құндылықтары,оның адами және рухани маңыздылығы туралы пікір алмасу сұрақтарына жауап беріп белсенділік танытты.Сонымен қатар өз ойын білдірген оқушылар,отбасының қоғамдағы орнын ашып көрсетіп,оны қылқалам мен ұштастыра білді.