Ғаббас Жұмабаев

 

1942 жылы Меңдіқара қазақ педагогикалық училищесін бітірген.
1945 -1947 жылдары өз ауылында мұғалім болды.
1947 жылдан бастап біріңғай журналистік қызметтер атқарды.
1947 - 1955 жылдары Қостанай облыстық газетінде әдеби қызметкер және жауапты хатшы болды.
1959 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін көп жылдар бойына “Қазақ әдебиеті” газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы міндеттерін атқарды.

“Жұлдыз”,”Мәдениет және тұрмыс” журналдарында бөлім меңгерушісі, “Ара” журналында фельетонист, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы информация агенттігінде (Қаз ТАГ) аудармашы болып қызмет атқарды. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармашылығы:
Нөсер - өлеңдер,балладалар,поэмалар. А.”Жазушы”1961.
Мерей - өлеңдер,балладалар,поэмалар. А.”Жазушы”1963.
Арманым өлеңдер, балладалар,поэмалар. А.”Жазушы”1966.
Жомарт күз - өлеңдер,балладалар,поэмалар. А.”Жазушы”1969.
Исповед – стихи, баллады,поэмы.А.”Жазушы” 1972.
Алтын толқын - өлеңдер,балладалар,поэмалар. А.”Жазушы”1978.