1991 жылдың 1 қыркүйегінде №2 Боровской орта мектебінде мемлекеттік тілде бір сынып ашылды. Мұғалімі: Жылқыайдарова Алтыншаш Қарабайқызы.
1992 жылдың 1 қыркүйегінде қазіргі «Рахат» мини-маркетінде ауданымызда тұңғыш рет Боровской бастауыш қазақ мектебі ашылды.
1994 жылы № 3 Боровской негізгі мектебі деп аталады және ақын, журналист, қоғамдық қайраткер Ғаббас Жұмабаевтың есімі берілу туралы ұсыныс жасалды.
1995 жылы № 3 Боровской орта мектебі дәрежесіне жетті.
2005 жылғы 25 қаңтардағы Меңдіқара ауданы әкімдігінің қаулысымен №3 Боровской орта мектебіне ресми түрде Ғаббас Жұмабаевтың атауы берілді.
2013 жылы 30 шілдедегі Меңдіқара ауданы әкімдігінің № 307 қаулысымен «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі» мемлекеттік мекемесі аталды.
2018 жылы 9 шілде Меңдіқара ауданы әкімдігінің № 114 қаулысымен «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі» мемлекеттік мекемесі «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп - гимназиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.