5-8 сыныптар арасында 55 оқушыны қамти отырып,Ауылдың тұрмыс-тіршілігін таныту арқылы ұлттық рухани құндылықтарды оқушының бойына сіңірттік.Ауыл – қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасын құрдық. Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, өз өрнегін айшықтаған сазгер,күйшілеріміз де, аты аңызға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққандығын түсінді. Сондықтанда әрбір оқушыға туған ауылының ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына болуы тиіс екендігін ұғындырдық. Оқушыларды туған өлкесінің,ауылының тарихын, мәдени мұраларын,зияткерлік сайыс түрінде зерттеуге баулыдық. Өзіндік әрекет дағдыларын жетілдіріп және зияткерлік сөзшең қабілеттерін дамыттық.