«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы»ММ «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан жүргізілетін іс-шаралар
Экономика-біздің өмірімізде
«Экономика-біздің өмірімізде» өзіндік пікір сабағы 8-11 сыныптар арасында өткізілді. Қашықтықтан зум өткізілген шара әлеуметтік желілелерге( инстаграмм, ватсап , мектеп сайытындағы «Рухани жаңғыру» бөліміне жүктелді. Жалпы 40 оқушы қатысты. Біздің мақсатымыз оқушыларға экономика жайында алғашқы түсініктерді түсіндіру мақсатын енгізе отырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу, адам еңбегін бағалай білуге, үнемділікке, экономикалық білімге деген қызығушылықтарын арттыра білу болды. Қатысқан оқушыларымыз біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай алатындығы жөнінде мәлімет алды. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса алатындығын дәлелдеді.
Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта алатындығымызды, сол себепті біз бүгіннен бастап «таза» болашақты қалай құруға болатындығы туралы ұсыныстардың кішігірім тізімі құрды. Бұл іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.
Аға тәлімгер: Х.Жанзакова
Б.Абдуллина