«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы»ММ «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан жүргізілетін іс-шаралардың сараптамасы
Мен елімнің азаматымын!
8-11 сыныптар аралығында оқушылармен қашықтықта іс-шара өткізілді Отанын сүю мақсатында бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиеленетін мағлұматтар алды.Жүргізілген жұмыстар әлеуметтік желіліерге жүктелді. Тұлға өз тәуелсіз елінің азаматы ретінде өз Отанын қалай қорғау керектігін , келешек еліне қажетті мамандықтың иесі болып, адал еңбек ету жолдарын түсінді. Оқушылар өте жақсы ат салыса отырып, ертеңгі елдің сенімін ақтар тұлға болып өсіп келе жатқандарын көрсете білді. Елбасының әрбір ұлағатты сөздерін негізге ала отырып, өз ойларын ортаға салды. Әр тұлғаның өзіндік пікірі, рухани құндылықтарын бала бойынан көре білдік. Патриоттық әндер мен өз шығармашылығынан өлеңдер оқи отырып, өздерінің қабілеттерін көрсете білді. Әр қатысушыға біз сеніммен қарадық. Олар болашақ Мемлекетіміздің елжанды тұлғасы болып өсіп келе жатқандарын көре алдық.
Аға тәлімгер: Б.Абдуллина
Х.Жанзакова